Мектеп бітіру кештері мен сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады

Өңірде білім беру ұйымдарында өтетін мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты талаптар нақтыланды. Оған сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің арнайы бұйрығы бар. Оқу жылын аяқтауға арналған қандай шараларға рұқсат етілетіні және тыйым салынатыны туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мәлімдеді. Оның айтуынша, аттестат табыстау іс-шаралары тек мектеп ғимаратында немесе мектеп аумағында ата-аналар комитетімен келісу арқылы өткізіледі.

🗣️«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығына сәйкес мектептерде заңсыз ақша жинауға және артық шығындарға қатаң тыйым салынады. Атап айтқанда: мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық алуға; мейрамхана, кафе, банкет залдарында кеш өткізуге; автокөлік шерулерін ұйымдастыруға; аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді тартуға; таңды қарсы алу, табиғат аясында мерекелік жиындар өткізуге; ата-аналардан ақша жинауға жол берілмейді.
Басты мақсат — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бітіру іс-шараларын қарапайым, тәрбиелік мәні бар форматта өткізу» — деді Бұлбұл Күзембаева.

Басқарма тарапынан мектеп бітіру іс-шараларын өткізу мен заңсыз ақша жинауға тыйым салынатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *