Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейінде болды. Музей келушілеріне мазмұнды бағдарламасын ұсынды: «Алло, өткен шақ?..» ретро-телефондар көрмесі қойылған «Әскери шатыр» инсталляциясы, «Retro-frame» фотозонасы, таксофондар мен ұялы телефондар экспозициясы, сондай-ақ робототехника көрмесі ұйымдастырылды.
Келушілер «Ер Едіге» жыраулар мектебі мен №55 мектеп оқушыларының өнерін тамашалап, «Шеберлер мекені» этнографиялық аймағындағы шеберлік сағаттарына қатысты. Сонымен қатар фильмдер мен ақпараттық киоск арқылы Әлия Молдағұлованың өмірімен, ерлігімен танысты.
👥Ауқымды мәдени шараға Орынбор мен Алматыдан келген қонақтарды қоса алғанда, 2000-нан астам адам қатысты.
