Мұғалжар ауданында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Мұғалжар ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту, өндіріс орындарын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 105,8 млрд теңгені құрады. Жоспарлы көрсеткіш 117,3 пайызға орындалды.

Бүгінде ауданда бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Олардың қатарында өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы және газ-химия салалары бар.

Атап айтқанда, инвестициялық жобалар тізіміне:
🔹 «Олжа» ЖШС-нің локомотивтерді жөндейтін техникалық қызмет көрсету станциясы
🔹 «Деповской сервис» ЖШС-нің локомотив подшипниктерін жөндеу цехы
🔹 Жаңажол газ турбиналы электр станциясын кеңейту
🔹 Карбамид өндіретін газ-химия кешені
🔹 Метанол өндіретін газ-химия кешені
🔹 Газ турбиналы электр станциясы
🔹 Кварц құмын қайта өңдеу зауыты
🔹 Құбыр өнімдерін өңдеу желісі

Аталған жобаларды 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде жаңа өндірістік қуат қалыптасып, жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады. Мәселен, тек карбамид өндіретін кешеннің өзінде 400 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Инвестициялық жобалардың жүзеге асуы ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, экономиканы әртараптандыруға, жаңа өндіріс бағыттарын қалыптастыруға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *