Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Автожол колледжінің белсенді студенттерімен бірлесіп, тыл ардагерінің үйіне барып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегін жастарға үлгі ету және мереке қарсаңында қолдау білдіру. Акция барысында жастар аула тазалап, үй маңын ретке келтіріп, ардагерге өз көмектерін көрсетті.
Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге құрмет көрсету – әрқайсымыздың парызымыз. 🇰🇿
