Ақтөбеде елдің үздік жас самбошылары анықталуда: турнир халықаралық аренаға жол ашады

21–23 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Бұл — ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға қатысатын құрамын айқындайтын көктемгі спорт күнтізбесіндегі маңызды дода.

Жарыс «Жекпе-жек» спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған еліміздің 17 өңірінен шамамен 600 спортшы бақ сынап жатыр. Чемпионат жеңімпаздар мен жүлдегерлері Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы чемпионат — соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі. Байрақты бәсеке жасөспірімдер арасында самбоға деген қызығушылықтың артып, өңірлердегі бәсекенің күшейгенін көрсетеді. Көптеген қатысушы үшін бұл — үлкен спорттағы алғашқы маңызды сынақ әрі өздерін республикалық деңгейде танытуға мүмкіндік.

Жарыс қаоқыны жоғары: күн сайын әртүрлі салмақ дәрежелерінде медальдар сарапқа салынып, белдесулер тартысты әрі әсерлі өтуде. Жаттықтырушылар спортшылардың өнерін жіті бақылап, болашақ ұлттық құрама резервін қалыптастырмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *