
🎓ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау жүріп жатыр
2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжат қабылдауды бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Әселхан Мағауия мәлімдеді. Үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады.
🗣️”Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200-ге жуық адам, докторантураға 12 адам қабылданады. Бұрын магистратураға тек 120 грант бөлінсе, биыл мемлекеттік грант саны 80-ге артты. Сондай-ақ үміткерлердің функционалдық еңбек өтілін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылады” — дейді спикер.
Айта кетейік, жаңа оқу жылына құжаттар 12 емес, 14 білім бағдарламасы бойынша қабылданады.
