Ақпараттық-түсіндіру жұмысына Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, сондай-ақ «Тұтынушылар ұлттық палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ислам Болатов қатысты.
Жұмыс барысында сатушылар мен қызмет көрсетушілерге сауда саласында мемлекеттік тілдің қолданылуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар, тауар сапасын анықтау бойынша ақпарат беріліп, әдістемелік жадынамалар таратылды.
