
Ақтөбе облысында өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты алдын алу және бақылау шаралары күшейтілді. Өңірде құрғақ шөп пен қоқысты жағу деректерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
‼️‼️Құрғақ әрі желді ауа райы өрт қаупін арттырып отыр. Осыған байланысты тұрғындардан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралады:
- от жақпау;
- құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу;
- темекі тұқылдарын тастамау;
- ашық отты қараусыз қалдырмау.
📞 Өрт байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.
⚠️Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарап, өз өмірі мен қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
