Ақтөбе облысында жаңа өңірлік әуе рейстері іске қосылады

Ұшақ қатынастары жол жүру уақытын 8–10 сағаттан 40–90 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысында биылдың өзінде Ырғыз, Шалқар және Бозой бағыттары бойынша әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар Байғанин ауданына рейс ашу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Әуе рейстері тек жолаушылар тасымалы үшін ғана емес, санитарлық авиация, жүк тасымалы, авиациялық ауыл шаруашылығы жұмыстары және табиғи аумақтарды мониторингтеу мақсатында да пайдаланылатын болады.

Жаңа бағыттар жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, 8–10 сағаттың орнына 40–90 минутта жетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында тұрғындар үшін билет бағасын қолжетімді ету мақсатында субсидиялау жоспарланып отыр. Бұл бастама аудандар арасындағы қатынасты жеңілдетіп, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады, туризм мен іскерлік белсенділікті дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, жоба 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құрып, өңір экономикасына қосымша әсер береді. Қазіргі таңда субсидиялау мәселесі қарастырылуда.

«Жергілікті әуе желілері үшін шамамен 19 жолаушыға арналған, қысқа ұшу-қону жолақтарында жұмыс істей алатын біртипті шағын әуе кемелерінен тұратын бірыңғай лоукост-оператор құру жоспарлануда. Алғашқы кезеңде маршруттық желі Ақтөбені Шалқар, Ырғыз және Бозой елді мекендерімен байланыстырады», – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының азаматтық авиация жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Марат Дауталиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *