Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” атты Жолдауынан

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында ел көлемінде ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны жариялап, инвестиция тарту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, технологиялық даму және экономикалық реформалар жүргізу жөніндегі негізгі басымдықтарды айқындады.

Жолдаудың негізгі өзегі Мемлекет басшысы Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба ретінде сипаттаған «Халықтық құрылыс» бастамасы болды. Инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу көзделіп отыр. Оның ішінде 2026 жылы және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске асыруға 1,5 триллион теңге бағыттау жоспарланған. Сондай-ақ Президент 2027 жылды Жаппай ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде шамамен 70 денсаулық сақтау нысаны, сондай-ақ білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы 50 нысан салу көзделген. Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй құрылысы, коммуналдық желілерді жаңғырту, халықты ауызсумен және газбен қамтамасыз ету бағыттарындағы жобалар жүзеге асырылады. Бағдарлама жүздеген мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *