Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Ел игілігі жолындағы 7 жыл

Президент және оның реформалары

2019 жылдан бері Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың ауқымды кезеңінен өтіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 жылдық президенттігі кезеңінде бірқатар маңызды реформа жүзеге асырылды. Елімізде өкілді билік органдарының рөлі күшейтіліп, Конституциялық Сот құрылды. Президенттің бір реттік 7 жылдық өкілеттік мерзімі енгізілді. 2026 жылы жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды.

Экономика дамып, инвестициялар тартылуда. Жаңа мектептер, ауруханалар мен инфрақұрылым нысандары салынуда. 7 жыл ішінде Қазақстанның IT экспорты 38 есе өсіп, еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкімет рейтингінде отыз тоғызыншы орыннан жиырма төртінші орынға көтерілді. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жұмыстары жалғасуда.

7 жылдық реформалар мемлекетті жаңғыртуға, экономиканы дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды өзгерістер кезеңі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *