Рахман қайнарына апаратын жаңартылған асфальт жолмен көлік қозғалысы ашылды

ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жаңартылған асфальт жолмен көлік қозғалысы ашылды, ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде бұл бағыттағы жол жүру уақыты шамамен екі сағаттан 20 минутқа дейін қысқарды. Жол көлік жүргізушілері мен туристер үшін әлдеқайда қауіпсіз әрі жайлы бола түсті.

Жаңартылған учаске өңірдегі негізгі туристік нысандардың бірі – Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында орналасқан Рахман қайнарына көлік қатынасын жақсартты. Жол инфрақұрылымының жаңаруы жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін де қолайлы жағдай жасап, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *