Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен қайтыс болғаннан кейін марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мына азаматтар марапатталсын:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Мұхтарұлы Олжас (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі взводының командирі;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Аяпберген Сержан Талғатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                    Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 27 қыркүйек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *