Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азия ойындарының алтын жүлдесін сыйлады

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстандық жеңіл атлет әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші келіп, 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесін көрсетті. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті  түйіндеді.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Айчи–Нагоядағы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *