Алексей Луценко — Азияның ең мықты велошабандозы! 🇰🇿

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 2026 жылғы Азиадада жекелей уақытқа жарыста топ жарып, Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін жеңіп алды.

Луценко алғашқы чемпиондық атағына сонау 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында қол жеткізген. Содан бері ол Азия ойындарында тасжол жарыстарында үздік үштіктен түскен емес.

🥇 Инчхон-2014 — жекелей жарыс
🥇 Джакарта-2018 — топтық жарыс
🥇 Джакарта-2018 — жекелей жарыс
🥈 Ханчжоу-2022 — топтық жарыс
🥇 Ханчжоу-2022 — жекелей жарыс
🥇 Аичи-Нагоя-2026 — жекелей жарыс

23 қыркүйекте Луценко топтық жарыста тағы да Азия ойындарының медалі үшін бақ сынайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *