Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отыр?

2000 жылдан бері еліміздің жоғары оқу орындарында ядролық және атом энергетикасы саласында 4,5 мыңнан астам маман даярланған.
Қазір кадрларды:

  • Сәтбаев университеті
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Алматы энергетика және байланыс университеті

және басқа да жоғары оқу орындары дайындап жатыр.
Практикалық тәжірибе үшін Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталығы жұмыс істейді.
2026 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасында атом саласына арналған жеке санат ашылады — жылына 20 стипендия. Олар магистратура, докторантура және кәсіби тағылымдамаларға беріледі.
Басты мақсат — тек маман санын көбейту емес, білім, ғылым, өндірістік тәжірибе және халықаралық даярлықты біріктіретін ұзақ мерзімді жүйе қалыптастыру.
Биыл МИФИ-дің Қазақстандағы филиалы атом саласының алғашқы түлектерін шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *