
Филиал 2022 жылы Қазақстан мен Ресей басшыларының келісімімен ашылған. Негізгі міндеті – еліміздегі алғашқы атом электр станциясына мамандар даярлау.
Студенттер ядролық физика мен атом энергетикасының технологияларын меңгереді. Үш жыл Алматыда оқып, төртінші курста Мәскеуде тренажерлар мен симуляторларда тәжірибеден өтеді.
Оқу – мемлекеттік грант есебінен (бакалавриатқа 100, магистратураға 30 грант). Дәріс оқитындар – қазақстандық және ресейлік мамандар.
19 жастағы Азат Дөненбай үш жылдан бері осында оқиды. Ол болашақта Қазақстанның алғашқы АЭС-інде жұмыс істеуді армандайды:
«Қазақстанда энергетиканың жаңа бағыты қалыптасып жатқан кезеңде білім алып жүргенім қызықты. Бұл бағыттың дамуына біздің буын да атсалысады».