Алатау Smart City: цифрлық мүмкіндіктер барлық елді мекенге қолжетімді болуы тиіс

«Әділет» партиясы фракциясының депутаттары Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Алатау қаласының инженерлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша сауал жолдады.

Депутаттар Алатау қаласы инвестиция, өндіріс пен жаңа технологиялар шоғырланған орталық қана емес, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Еңбек және Жетіген елді мекендерінде «Келешек мектеп» салынып, фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, газ желілері тартылды. Жолдар мен электр желілерін жаңарту басталып, Жетігендегі теміржол өткелінің мәселесі жаңа көпірдің іске қосылуымен шешілді.

Алайда кейбір көшелерде абаттандыру аяқталмаған, газға қосылу құны жоғары, әлеуметтік нысандарға білікті мамандар жетіспейді.

Осыған байланысты депутаттар Алатау қаласының барлық елді мекенін қамтитын инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай жоспарын бекітуді, мектептер мен медициналық нысандарды мамандармен қамтамасыз етуді және цифрлық мемлекеттік қызметтерді кезең-кезеңімен енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ қаланың даму тиімділігін инвестиция көлемімен ғана емес, тұрғындардың өмір сапасы, инфрақұрылымға қолжетімділігі және мемлекеттік қызметтердің сапасы арқылы бағалау қажет екені айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *