Ақтөбе облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмысы күшейтілді

2026 жылдың 8 айында Ақтөбе облысында 843 тұтынушының мәселесі оң шешіліп, азаматтарға 44,5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сонымен қатар, 220 тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді, ал тұтынушылардың мүддесін қорғауға қатысты сот процестерінде шамамен 10 млн теңге өндірілді.

Жыл басынан бері департаментке 1 636 өтініш түскен. Бұл көрсеткіштің өсуі тұрғындардың өз құқықтарын қорғауға деген белсенділігі артып, мәселелерін заң аясында шешуге сенім білдіретінін көрсетеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *