Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті. Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.
