Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің мәдениеті мен тілдеріне деген құрметті білдіреді.

Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте – қазақтың ағартушысы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай атап өтіледі.
Әр тіл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан даналықты, салт-дәстүрді, мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтайтын баға жетпес мұра.
