Ақтөбе облысында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі айлық қорытындысы шығарылды.

Екі айда облыста 87 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, заңсыз айналымнан 346 келі 297 грамм есірткі тәркіленді. 5 855 түп қарасора жойылды.

Есірткіні интернет арқылы таратумен айналысқан 9 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Сонымен қатар есірткі айналымына қатысы бар 923 сайт анықталып, «Кибернадзор» жүйесіне енгізілді.

«Есірткі қылмыстарының жолын кесу және нашақорлықтың алдын алу – полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біз есірткінің заңсыз айналымына қарсы жедел шараларды күшейтіп, интернеттегі таралу арналарына да тұрақты түрде тосқауыл қойып келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалхаров.

Жыл басынан бері облыста 224 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, жалпы 369 келі 998 грамм есірткі тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *