Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Ерлан Қошанов

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасады.

-Құрметті достар! Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Қазақстандықтар жаңа Құрылтайдың депутаттарын сайлап жатыр. Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі. Мен Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс бердім,-деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ ол адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатқанын атап өтті. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп. Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін.

-Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын. Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық!,-деді ол.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау жүріп жатыр. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.

https://kaz.inform.kz/news/bugn-elmz-ushn-tarihi-kun-erlan-koshanov-cbac9e30

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *