Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс беруге келді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда есімі тарихи оқиғамен сәйкес келетін екі тұрғын өз таңдауын жасады. 

Құрұлтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы № 294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ал Әуезов ауданындағы № 1 мектеп-гимназияда орналасқан № 140 сайлау учаскесінде Құрылтай Мансұров Құрылтай депутаттарының сайлауында өзінің азаматтық позициясын білдірді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел.
Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген — 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.

Қазір еліміз бойынша 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген.

https://kaz.inform.kz/news/almatida-kuriltay-esmd-ek-turgin-dauis-beruge-keld-d0cc703e

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *