АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Құрылтай депутаттарын сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы #514 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.