🚨Ақтөбе облысында «Тасымалдаушы» іс-шарасының алғашқы күнінде 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылық пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. 28–30 шілде аралығында өтіп жатқан рейдтің алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Тексеру барысында заңсыз жолаушылар тасымалдаудың 10 дерегі әшкереленді. Сондай-ақ жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 65 фактісі тіркелді. Бұдан бөлек, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 5 жүргізуші мен көлік құралын мас күйінде басқарған 6 адам жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілген іс-шара нәтижесінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 29 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полицейлердің айтуынша, мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – заңсыз тасымал қызметінің жолын кесу, тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы бағыттағы бақылау мен профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *