Бүгін «Жетінші арна» телеарнасының тікелей эфирінде сайлауалды теледебаттарға қатысатын саяси партиялардың сөз сөйлеу ретін анықтайтын ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша қатысушылардың сөз сөйлеу кезегі төмендегідей белгіленді:

1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі;
2. «Ақ жол» демократиялық партиясы – Дулат Тастекей;
3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – Мақсұт Насибулов;
4. «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – Аслан Байзаханов;
6. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – Шахмардан Байманов;
7. Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов.

Сайлауалды теледебат 5 тамыз күні сағат 20:26-да «Жетінші арнаның» тікелей эфирінде өтеді. Биылғы пікірсайыстың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту.

Дебат барысында саяси партия өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, білім саласын дамытуға қатысты бастамаларын ортаға салады. Сондай-ақ көрермен қойған сұрақтарға жауап беріп, сайлаушыларға қорытынды үндеу жасайды.

Тікелей эфир кезінде көрермен QR-код арқылы онлайн дауыс беруге қатыса алады. Сонымен қатар «Жетінші арнаның» ресми Instagram парақшасына пікір қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Келіп түскен пікірлердің бір бөлігі эфир барысында нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *