
Жыл басынан бері облыста тіркелген өрт саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға азайды, ал өрттен келген материалдық шығын 20,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар дала өрттері толықтай тіркелмей, олардың саны мен жану аумағы 100%-ға қысқарды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аслан Арзымбетов өңірдегі өрт қауіпті кезеңдегі ахуал мен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар жөнінде баяндады.
Оның айтуынша, өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Облыс бойынша:
✅ 38 мобильді топ 550 рейдтік іс-шара өткізді;
✅ өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2468 ақпараттық материал жарияланды;
✅ тұрғындарға дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
✅ дрондардың көмегімен саяжайлар, орман алқаптары мен демалыс орындары бақылауға алынып, құрғақ шөпті өртеу деректері жедел анықталуда.
♻️ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында прокуратура органдарымен бірлесіп рұқсатсыз қоқыс орындарына мониторинг жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған тұлғалар мен ұйымдарға қатысты заң аясында шаралар қабылдануда.
🚒 Мамандардың айтуынша, өрттердің басым бөлігі адам факторынан туындайды. Сондықтан әрбір тұрғын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, табиғатта және тұрмыста отпен жұмыс істеу кезінде барынша сақ болуы қажет.
📞 Өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
