
Пікірсайыстың әділ әрі ашық өтуі – ортақ жауапкершілік.
Осыған орай теледебат басталар алдында саяси партиялардың өкілдері пікірсайыс мәдениеті мен өзара сыйластық қағидаттарын сақтауға бағытталған Этика хартиясына қол қойды.
Хартия қатысушыларды заң талаптарын сақтауға, қарсыластарын негізсіз айыптау мен қаралауға жол бермеуге, сондай-ақ пікірталасты өз партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізуге міндеттейді.
Құжат бес негізгі қағидаттан тұрады:
заңдылық;
теңдік және әділдік;
өзара құрмет;
адал пікірталас;
қоғам алдындағы жауапкершілік.
