✨ Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді

📍 Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округіне қарасты Полтавка ауылына табиғи газ берілді. Елді мекенде 99 аула, 316 тұрғын бар.

🔹 Газ беру рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Аслан Айтбаев және ауыл тұрғындары қатысты.📊 Бүгінде Ақтөбе облысында халықты табиғи газбен қамту деңгейі 97,5 пайызға жетті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 13 мыңнан астам тұрғыны бар 31 елді мекен көгілдір отынға қосылды.🏗️ Полтавка ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 581,4 млн теңге. Жобаны «GazMart» ЖШС жүзеге асырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *