Айдана Сағынғали бала кезінен ұлттық қолөнерге қызығып, уақыт өте келе киізден бұйым жасау ісін кәсібіне айналдыруды мақсат етті. Алайда бұл арманын жүзеге асыруға қажетті қаржы болмаған.
Мемлекеттік гранттың арқасында Айдана өз кәсібін ашып, ұлттық қолөнерді тұрақты табыс көзіне айналдырды. Бүгінде ол өндіріс аясында өзге шеберлерді де жұмыспен қамтып отыр.
Қазіргі таңда «Үкі» брендімен шығарылатын киізден жасалған бірегей бұйымдар Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие. Қазақтың ұлттық нақышын дәріптейтін сапалы өнімдер шетелдік тұтынушылардың ерекше қызығушылығын тудырып келеді.
Мемлекеттік қолдау ұлттық кәсіпті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға нақты мүмкіндік беруде.
