🎉 Ақтөбеде Металлургтер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. «Адам күші. Ел күші» атауымен ұйымдастырылған кешке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы, еңбек ардагерлері, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.
✨ Сондай-ақ, металлургия саласында ондаған жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар мен еңбек әулеттерінің өнегелі жолына ерекше тоқталды.
