2026 жылдың сәуір айында мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында өзінің бір бөлмелі пәтеріне қол жеткізді.
Бүгінде Ульяна жаңа баспанасында тұрып, білімін жалғастырып, болашағына нық сеніммен қадам басып келеді. Өзінің айтуынша, баспаналы болу оған тұрақтылық сыйлап, өз алдына дербес өмір бастауына үлкен мүмкіндік берген. Мемлекеттік қолдау балалар үйі түлектеріне өмірден өз орнын тауып, армандарына сеніммен ұмтылуына жол ашып отыр.
