Өңірдің экологиялық ахуалы тұрақты бақылауда

Ақтөбе – еліміздегі ірі өнеркәсіптік өңірлердің бірі. Сондықтан атмосфералық ауаға таралатын өндірістік шығарындыларды азайту мәселесі ерекше назарда. Облыс аумағында атмосфераға шығарылған зиянды заттардың басым бөлігі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС және «Қазхром» ТҰК АҚ сияқты ірі кәсіпорындарға тиесілі. Бүгінде бірінші санаттағы кәсіпорындарда эмиссияларды автоматты түрде бақылайтын жүйелер кезең-кезеңімен енгізілуде. Өңірде мұндай жүйелерді орнатуға жататын сегіз кәсіпорын анықталған. Қазіргі таңда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Aqtobesu-Energy Group» АҚ, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС, «Gas Processing Company» ЖШС және «Қазхром» ТҰК АҚ филиалдары автоматтандырылған мониторинг жүйелерін іске қосып, мәліметтерді қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі жөніндегі ұлттық деректер банкіне тұрақты түрде жолдап келеді.

«Өнеркәсіптік шығарындыларды қысқарту бойынша қабылданған шаралар алғашқы нәтижесін де беріп отыр. Облыста 2025 жылмен салыстырғанда зиянды шығарындылар көлемі 5 пайызға азайды. Бұл көрсеткішке өндірістерді жаңғырту және озық технологияларды енгізу оң әсерін тигізді. Мәселен, Ақтөбе хром қосындылары зауытында электр сүзгісі мен қап сүзгісі орнатылып, шығарындылар көлемі 19 пайызға немесе 1,3 мың тоннаға қысқарды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты халықаралық стандарттарға сай газ тазарту құрылғыларын жаңғыртып, тазарту тиімділігін 99 пайызға дейін жеткізді. Сонымен қатар, 2027 жылға дейін төртінші балқыту цехындағы ферроқорытпа газын толық кәдеге жарату жобасын іске асыру жоспарланып отыр» — деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Талап Ұснадин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *