Электрлі самокаттарды пайдаланудың жаңа талаптары күшіне енді

1 шілдеден бастап жалға берілетін электрсамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді әрбір жалға берілетін электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріліп, осылайша заң бұзған электрсамокаттар камералар арқылы анықталады. Сонымен қатар әрбір самокат қолданатын азаматқа сақтандыру полисі міндеттеледі.

Ал кикшеринг компаниялар электрсамокаттардың техникалық жағдайын қамтамасыз етуге, олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға, белгіленген жерде жылдамдықты автоматты түрде шектеуге, оларды ретсіз қалдыруды болдырмауға, самокаттардың есебін жүргізуге, қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына жолдауға міндетті. Жаңа қағидалар туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген мәлімдеді.

«Егер самокатты пайдаланушының жүргізуші куәлігі болмаса, ол жүріс жолымен жүрмеуі тиіс. Мұны сервис қатаң бақылауы қажет» — деп атап өтті спикер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *