👶 Балалардың қауіпсіздігі – сіздің қолыңызда

Терезеден құлау – балалар арасында жарақат алу мен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалалық жерлерде. Ашық тұрған терезе балалар үшін өте қауіпті.

⚠️Көп жағдайда мұндай қайғылы оқиғалардың себебі – ересектердің салғырттығы:
– терезенің ашық қалдырылуы;
– жиһаздың терезе алдына жақын орналасуы;
– терезеге қорғаныс құрылғыларының орнатылмауы;
– ең бастысы – баланы қараусыз қалдыру.
Көбіне балалар орындықты, диванды немесе басқа да жиһазды пайдаланып, өздігінен терезе алдына шығып кетеді.

Сондай-ақ олар салмақ көтеруге арналмаған москит торына сүйеніп, торымен бірге құлап кетуі мүмкін. Тіпті мұндай торлар бір жасар баланың салмағына да төтеп бере алмайды.

⚠️Баланың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
– Ашық тұрған терезесі бар бөлмеде баланы ешқашан жалғыз қалдырмаңыз.
– Терезе маңынан барлық жиһазды алыстатыңыз.
– Терезелерге арнайы қорғаныс бекіткіштерін орнатыңыз.
– Балаға орындықты немесе басқа заттарды қойып, терезе алдына шығуды үйретпеңіз.
– Балалардың ересектердің қарауынсыз балконға шығуына жол бермеңіз.
– Москит торына сенбеңіз – ол баланы құлаудан қорғай алмайды.

⚠️Баланың қауіпсіздігі – кездейсоқтыққа емес, жауапкершілікке байланысты. Бір ғана абайсыздықтың салдары орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *