Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

*Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Бейжіңқаласындағы Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалініңресми таныстырылымы және AI-кино мен телевидение саласындағы ҚазақстанҚытай инновациялық алмасу форумы өтті.Іс-шара екі елдің жетекші технологиялық компанияларының,киностудияларының, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының,инвесторларының, AI-әзірлеушілерінің және киноиндустрия өкілдерін басын қосты.Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Astana AI Film Festival қоры менBeijing Zhongguancun Tongli Technology Service Co., Ltd. компаниясы арасындаынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжат AI-кино, AIGCтехнологиялары, ғылыми-фантастикалық контент, инвестициялар және халықаралықдистрибуция бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейді. Келісімгесәйкес қытайлық компания Қытай Халық Республикасындағы Astana AI Film Festivalфестивалінің ресми серіктесі болады.«Қытай – жаһандық AI-кино экожүйесін дамытудағы негізгісеріктестердің бірі. Мұнда әлемдегі ең қуатты технологиялық компаниялар,талантты авторлар және цифрлық контенттің ең ірі нарығы шоғырланған.Бұл меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы креативтіиндустриялар саласындағы жүйелі ынтымақтастықтың бастамасыболады», — деді Astana AI Film Festival фестивалінің негізін қалаушылардың бірі әрідиректорлар кеңесінің төрағасы Алмас Жали.Таныстырылым барысында ұйымдастырушылар 1–3 қазан аралығында AstanaAI Week аясында Астанада өтетін Astana AI Film Festival фестивалінің халықаралықтұжырымдамасын ұсынды.«Жасанды интеллект кино тілін өзгертіп, шығармашылықты шынмәнінде жаһандық деңгейге шығарып отыр. Бүгінде дарынды автор әлемніңкез келген нүктесінен халықаралық деңгейдегі фильм жасай алады.Сондықтан Astana AI Film Festival – жобаның шыққан еліне емес, идеяныңқуатына, оқиғаның сапасына және оның жүзеге асырылу деңгейіне басымдықберетін ашық халықаралық алаң ретінде құрылып отыр. Қытайменынтымақтастық екі елдің авторлары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашадыдеп сенеміз», — деді Astana AI Film Festival фестивалінің негізін қалаушылардың біріәрі креативті директоры Айзатулла Хуссейн.Іс-шара Қазақстан-Қытай AI-кино және телевидение саласындағы инновациялықалмасу форумымен жалғасты. Сараптамалық сессиялар мен панельдік пікірталастарбарысында жетекші киностудиялардың, технологиялық компаниялардың жәнеғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері кинематографияда жасанды интеллекттіқолдану, AI-контентті дамыту, шығармашылық үдерістердің трансформациясы,халықаралық ынтымақтастық тетіктері және бірлескен жобаларды әлемдік нарыққашығару мүмкіндіктерін талқылады. Пікірталастарға PixVerse AI, China Film Groupжанындағы Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институты, Bauhinia Films (Shenzhen)Co., Ltd., Чжунгуаньцунь ғылыми-фантастикалық индустрия инновациялық орталығыжәне Қытайдың AIGC саласындағы басқа да жетекші компанияларының басшыларымен өкілдері қатысты.Форум қорытындысы бойынша тараптар жасанды интеллект, киноиндустрияжәне цифрлық креативті технологиялар салаларында Қазақстан мен Қытайарасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға ниетті екендерін растады.Еске салайық, Astana AI Film Festival 2026 жылдың күзінде Астанада өтіп, AI-киносаласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналады. Фестиваль аясындажалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын халықаралық байқау,конференция, жобалар питчингі, сондай-ақ жасанды интеллект, кино және цифрлықшығармашылық салаларындағы әлемдік жетекші сарапшылардың кездесулері өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *